Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға өтініштер 15–25 ақпан аралығында қабылданады, деп хабарлайды Malim.kz.
Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеу 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.
Талапкерлер өтініш беру барысында тест тапсыратын орынды, күнді және уақытты өз қалауынша таңдай алады.