Malim.kz
Қоғам

Назарбаев мектебіндегі дау: мұғалімді балағаттаған баланың жағдайы айтылды

Сұлу Бөлек

Назарбаев Зияткерлік мектебінен (НЗМ) шығарылған жоғары сынып оқушысы мемлекеттік мектепке ауыстырылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының білім басқармасы айтты. Оқушы Алматы қаласындағы №8 мектеп-гимназияға тұрғылықты мекенжайы бойынша қабылданған және бүгін ол бітіру емтиханын тапсырып жатыр. 

"Ол 11-сыныпқа қабылданды, және бүгін алғашқы емтиханын тапсырып жатыр. Барлық емтиханын аяқтаған соң аттестат алып, мектепті бітіреді", – деп хабарлады Алматы қаласының білім басқармасы.

НЗМ-дегі жанжал

Еске салайық, 23 мамырда Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 11-сынып оқушысы оқудан шығарылды.Жасөспірім емтихан барысында мектеп ережесін бұзып, мұғалімді балағаттаған. 

Фото: ult.kz

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары