Malim.kz
Қоғам

Назарбаев пен Путин Кремльде кездесті

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Саяси тұлғалардың кезекті басқосуы Мәскеудегі Кремль сарайында өтті.

Ресей басшысының баспасөз қызметі жариялаған бейнежазбада қос саясаткердің дөңгелек үстел басында жайғасқаны көрсетілген.

Ресми хабарламада кездесудің нақты күн тәртібі мен талқыланған мәселелер туралы кеңінен ақпарат берілмеген.

Хабарламада тек жүздескені жайлы жазылған.

Еске сала кетейік Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев соңғы рет биылғы мамыр айында бас қосқан болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары