Malim.kz
Құқық

Назарбаев университеті студентінің өлімі. Қылмыстық іс қозғалды

• Malim Админ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жатақханада мәйіті табылған Назарбаев университетінің студентінің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Malim.kz хабарлайды.


Министрдің айтуынша, полицейлер Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету) бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Қазір Қылмыстық-процессуалдық кодекс аясында ешқандай мәлімет айтылмай жатыр. Біз тек полициямен жұмыс істеп жатқанымызды растай аламыз, – деді министр.

Журналистер министрден оқиғаға студенттер арасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін бе деп сұрады.

Біз түсініктеме бере алмаймыз. Полиция департаменті тергеу аясында қосымша ақпарат айтады. Біз осылай келістік, – деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, бұған дейін Назарбаев университеті жатақханасынан студенттің мәйіті табылған еді.

Фото: nu.edu.kz


Malim Админ
Автордың басқа материалдары