Malim.kz
Қоғам

Назым Қызайбай Олимпиададан кейін сыйға алған көліктерін сатып жатыр

• Арман Қайыпхан

Бокстан 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көліктердің екеуін сатуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Айта кетсек, Париждегі жеңісінен кейін демеушілер спортшыға 3 көлік сыйлаған болатын. Назым Zeekr мен Mini Cooper көліктерін сататынын жеткізді.

Айтуынша, ол қаржылық қажеттіліктеріне байланысты осындай шешім қабылдаған. Сонымен қатар, 3 көлікті бірден қолдануға мүмкіндігі жоқ екенін де атап өтті.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары