Malim.kz
Әлем

Нетаньяху өлгені туралы қауесетті жоққа шығарды

Айбын Атабай

Жексенбі күні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзінің көмекшісімен кофе ішіп, әңгімелесіп отырған бейне жариялап, осылайша интернетте қайтыс болғаны немесе жарақат алғаны туралы қауесеттерді жоққа шығарды.

Иерусалим шетіндегі дәмханада түсірілген және Нетаньяхудың Х әлеуметтік желісінгі аккаунтында жарияланған бейнежазбада көмекшісі одан қауесеттер туралы сұрайды.

Нетаньяху біреуге немесе бір нәрсеге «есі кетіп» жүргенді сипаттайтын иврит сленгіндегі «өлі» сөзін қолданып, бір шыны-аяқ кофеге қолын созады.

— Менің кофеге есім кетіп отыр. Білесің бе? Мен өз халқыма есім кетіп отыр, — деді Нетаньяху көмекшісіне.

28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылдары басталғаннан бері Нетаньяху Иран зымырандарынан зардап шеккен кем дегенде екі қала, аурухана, порт және әскери базаларға барды, бірақ БАҚ-қа қолжетімділік шектеулі немесе мүлдем жоқ болған, ал бейнежазбаларды оның кеңсесі таратты, деп жазды Al-Awsat.

Сирек сұхбат беретін Нетаньяху қақтығыс басталғаннан бері өткен аптада бейнебайланыс арқылы алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді.

Алайда әлем бойынша интернет пайдаланушылары премьер-министр бейнесінің скриншотын таратып, оның қолында алты саусақтан бар екенін, бұл ЖИ негізіндегі бейне генератор модельдерінде жиі кездесетін қателік екенін айтты.

Дәмханада түсірілген бейнежазбаға жауап ретінде премьер-министр қолын көтеріп, камераға көрсетіп, «Саусақ санын санағыңыз келе ме?» деп мысқылдап сұрады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары