Malim.kz
Әлем

Нью-Йоркті нөсер басты: Су тасқыны қаупі жарияланды

Арман Қайыпхан
Фото: First news media

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірқатар көшені су басты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала билігі су тасқыны қаупіне байланысты ескерту жариялап, тұрғындарға аса қажет болмаса үйден шықпауға кеңес берді.

Қолайсыз ауа райы қоғамдық көлік жұмысына да әсер етті. Метро қозғалысында іркілістер болып, әуежайларда ондаған рейс кешіктірілді.

Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашын жақын күндері де жалғасып, жағдай күрделене түсуі мүмкін.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары