Осло соты Норвегияның тақ мұрагері ханшайымы Метте-Мариттің ұлы Мариус Борг Хёйбюнді 4 жылға бас бостандығынан айырды.
29 жастағы Хёйбю өзіне тағылған төрт зорлау айыбының екеуі бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ оған бұрынғы сүйіктілерінің біріне бірнеше рет күш қолдану, қорқыту, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бойынша да айып тағылды.
Сот процесі барысында оған жалпы 40 бап бойынша айып тағылып, прокурорлар 7 жыл 7 ай түрме жазасын сұраған еді. Алайда сот ақырында 4 жылдық жаза тағайындады.
Хёйбю сотта өзінің есірткі қолданғанын, зорлық көрсеткенін және қорқытқанын мойындады. Ол бұрын өзін:
«Мені негізінен анамның ұлы ретінде ғана таниды. Сондықтан өмір бойы мойындалуға деген өте күшті қажеттілік болды. Бұл көп мөлшердегі жыныстық қатынасқа, есірткі мен алкогольге әуестік арқылы көрініс тапты», – деп сипаттаған.
Хёйбю ресми түрде Норвегия корольдік отбасының мүшесі саналмайды, өйткені ол Метте-Мариттің кронпринц Хоконмен некеге тұрғанға дейінгі қарым-қатынасынан туған.