Malim.kz
Қоғам

Нөсер мен өрт қаупі: синоптиктер ескерту жасады

Айбын Атабай
depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 8 мамыр, жұма күнгі ауа райы туралы мәлімет ұсынды. 

Ертеңгі ауа райы

Болжамға сәйкес, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

«Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстанның дерлік бүкіл аумағындағы ауа райын айқындайды. Жаңбыр жауып, найзағай болады, елдің батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін», - деп хабарлайды синоптиктер.

Жауын-шашын тек елдің оңтүстік-шығысында ғана болмайды деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болуы ықтимал.

Өрт қаупі кезеңі

Синоптиктер сондай-ақ Қызылорда облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Ұлытау облысы, Абай облысы, Жетісу облысы, Түркістан облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы, шығысы және орталығында, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертті.

Жетісу облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Құтқарушылардың ескертуі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Құтқарушылар табиғат аясында, сенбілік кезінде, сондай-ақ аула, саяжай және бау-бақша аумақтарын тазалау барысында ерекше сақ болуды сұрайды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары