Malim.kz
Құқық

Нұрай Серікбайдың өлімі: сот отырысы тікелей эфирден көрсетілмейді

Айбын Атабай
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте көшеде пышақ жарақатынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады. 

Нұрайдың ісі бойынша сот тікелей эфирде өткізуден бас тартты. Алайда журналистерге сотқа қатысуға, түсіруге кедергі жоқ екендігін жеткізді, - дейді адвокат.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Нұрай Серікбай ісі: күдікті психикалық орталықтан тергеу изоляторына қайтарылды

Сот отырыстары әр аптаның сейсенбі және жұма күндері таңертеңгі сағат 10:00-де өтетін болды.

Еске салайық, 2026 жылғы 11 қаңтар күні көпқабатты тұрғын үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды. Куәгерлер марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болғанын айтқан. Полиция күдіктінің марқұммен бұрын таныс болғанын мәлімдеді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары