Швейцарияның Давос қаласындағы Mental Health Day форумында Нұрәлі Әлиев ой-сананың саулығы, ішкі үйлесім мен өзін-өзі тану туралы сөз сөйледі. Бұл туралы Qaz365.kz хабарлады.
Жиын Heimatmuseum Davos мұражайында өтті. Онда психикалық денсаулықты сақтау, адамның ішкі тепе-теңдігі, табиғатпен үйлесім, сондай-ақ руханият пен ғылыми зерттеулердің тоғысындағы жаңа тәсілдер сияқты тақырыптарды сөз етті.
Әлиев өзін The Spark of Light ұйымының негізін қалаушы әрі рухани тәлімгер ретінде таныстырады. Ұйымның мақсаты — адамдарға ішкі тыныштық пен тепе-теңдікті табуға, өз әрекеттерін биік мақсаттарымен ұштастыруға және өзгерістер кезеңінде сананы тереңдетуге көмек көрсету.
Ұйымның сипаттамасында:
«Жобаның мақсаты — адамзаттың шын рухани болмысын оятып, мұра болып қалған шектеулерді жеңіп, жоғарғы санаға жетуіне ықпал ету. Жарық ұшқыны — өздерін шын мәнінде кім екендерін еске алуға дайын адамдарға бағыт беріп қызмет етеді», — деп жазылған сайтта.
Дегенмен ондағы Mantra dose атты психоделикалық заттар сататын серіктес жайлы және оның қауіпі жайлы дау көп. Бұл дүкен санаға әсер ететін саңырауқұлақтардан кәпит, сағыз секілді түрлі дүниелер жасап сатады. Бұл адамның санасына әсер етіп, түрлі галюцинациялар тудырады. Көзіне түрлі дүниелер елестеген адамдар өзін «Құдаймен қауыштым» деп ойлауы да мүмкін.
Бұл Швейцариядағы Нұрәлі Әлиевпен қатар танымал миколог (саңырауқұлақтарды зерттеуші) Пол Стаметс (Paul Stamets) қатысты. Ол сауықтырушы, тағамға қосатын және экологиялық маңызы бар саңырауқұлақтар жайлы зерттеу еңбектерімен танымал. Стаметс саңырауқұлақтарды тек азық ретінде ғана емес, сонымен қатар ми мен психикаға «пайдалы табиғи құрал» ретінде қарастырады.