Malim.kz
Шоу-бизнес

Нұрлан имамның отбасылық видеосы әлеуметтік желіде қызу пікір тудырды

Мадияр Қапанбек
Коллаж: ozgeris.info

Танымал ұстаз Нұрлан имамның қызы Анипа Нұрланқызы әкесімен бірге отырған сәтінен видео жариялап, желіде қызу талқыға себеп болды. Кадрдағы үйдің жайлылығы көпшіліктің назарын аударып, жұрт пікірге қақ жарылды, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ozgeris.info-ға сілтеме беріп.

Видеода Анипа Нұрланқызы әкесімен шахмат ойнап отырғанын көрсетеді. Желі қолданушыларының бір бөлігі қыздың әкесіне қатты ұқсайтынын айтып, жылы лебіз білдірген.

Алайда пікірдің екінші легі Нұрлан имамды сынға алды. Олар бұған дейін «үйім жоқ, мешітте тұрамын» деген сөздерімен байланыстырылып жүрген ұстаздың қазіргі тұрмыс-тіршілігіне таңданысын жасырмады.

Оқырмандар жазбасына: «Үйім жоқ, мешітте тұрамын деп бар жағдайын жасап алыпты», «Ставкасын көтерген сияқты ғой», «Мешітте тұрады деп еді», «Ертегіні жақсы айтады», «Әкесінен аумай қалыпты», – деген секілді пікірлер қалдырған.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары