Malim.kz
Қоғам

Нұрлан Сабуровтың шетелдегі мүлкі туралы ақпарат тарады

Сұлу Бөлек

Танымал стендап-комик Нұрлан Сабуровтың Мәскеу маңында коттедж пен жер учаскесі бар. Ол қоршалған элиталы ауылда тұрады, оның үйінің құны - шамамен 115 миллион рубль (шамамен 731 миллион теңге). Әртістің мүлкі тураыл ақпарат SHOT телеграм-арнасы жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz.

SHOT деректеріне сәйкес, комиктің үйі "Новорижский" тұрғын үй кешеніндегі 1285 шаршы метрлік жер учаскесінде орналасқан. Сабуров бұл жерді 2022 жылы 12,2 миллион рубльге сатып алған. Үйде әйелі мен үш баласымен бірге тұратыны айтылған. Ерлі-зайыпты балаларының түрін көпшілікке көрсетпеуді жөн көреді.

Сондай-ақ, Сабуровтың екі көлігі бар:

2025 жылғы 19 мамырда Нұрлан Сабуров Шереметьево әуежайында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталды – ол Ресейде 90 күндік рұқсат етілген мерзімді асырып жіберген. Комикке айыппұл салынып, елден екі апта ішінде шығып, кейін көші-қон ережелеріне сай қайта кіруге рұқсат берілді.

Фото: әлеуметтік желі

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары