Nvidia компаниясы жасанды интеллект жүйелерінің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған халықаралық технологиялық альянс құрылғанын жариялады. Жаңа бастамаға технологиялық компаниялар, ғылыми ұйымдар және киберқауіпсіздік саласының мамандары қатысады. Альянстың негізгі мақсаты – жасанды интеллектіні әзірлеу мен қолдануда ортақ қауіпсіздік стандарттарын қалыптастыру.
Компанияның мәліметінше, бүгінде генеративті жасанды интеллектінің кең таралуы кибершабуылдар, жалған контент және деректердің қорғалуы мәселесін өзекті ете түсті. Сондықтан жаңа құрылым қауіп-қатерлерді ерте анықтайтын құралдарды әзірлеп, әзірлеушілер арасында тәжірибе алмасуды көздейді.
Мамандардың бағалауынша, бұл - жасанды интеллект индустриясындағы маңызды қадам. Олар қауіпсіздікке қатысты бірыңғай талаптардың енгізілуі AI технологияларын мемлекеттік секторда, медицинада, қаржы жүйесінде және өндірісте сенімді пайдалануға жол ашатынын айтады.
Жасанды интеллект нарығы қарқынды өсіп жатқан кезеңде мұндай бастамалар технологиялық жарыстағы басты басымдықтардың біріне айналып отыр. Алдағы уақытта альянс құрамына жаңа серіктестер қосылып, халықаралық стандарттарды әзірлеу жұмыстары кеңейтіледі.
деп хабарлайды Malim.kz.