Malim.kz
Қоғам

Облыс әкімі Байханов әпкесі қамалған соң ғана алғаш рет пікір білдірді

Айбын Атабай
Gov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өзінің туған әпкесі мас күйінде рульге отырғаны үшін қамауға алынғаны туралы деректерге қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, әкімнің әпкесі алкогольдік мас күйінде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Бұл мәліметті Telegram-дағы «Kozachkov offside» арнасы жариялаған.

Ал Асайын Байханов бұл жағдайға қатысты пікірін Threads-та жазды. Ол мемлекет заң үстемдігін негізгі қағидаттардың бірі ретінде таңдағанын атап, «барлық азаматтардың сот алдында тең» екенін еске салды. «Ағам-туысымның ешқайсысы заңнан тыс емес. Менің әпкем де – соның бірі», – деп жазды облыс әкімі.

Бұған дейін Байханов гардеробындағы қымбат бренд киімдеріне қатысты тараған сұрақтарға жауап берген еді. Сондай-ақ Павлодардан Астанаға көшкенімен, кейін туған жерге қайтып жатқан қыздың жазбасына да пікір білдірген.

 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары