Malim.kz
Әлем

Одессада ресейлік дрондар шабуылынан тұрғын үйлер мен оқу орны зақымданды

Арман Қайыпхан
Фото: Nina Liashonok/REUTERS

21 ақпанға қараған түні ресейлік әскер Одесса қаласына жаппай ұшқышсыз ұшу аппараттарымен (дрондармен) шабуыл жасады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Соның салдарынан инфрақұрылым нысандары, қаланың әртүрлі аудандарындағы төрт тұрғын үй және бір оқу орны зақымданды.

Бұл туралы Одесса қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Лысак мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, ал келтірілген шығын көлемі нақтыланып жатыр.

Бұған дейін Украина Қарулы күштерінің Әуе күштері Одесса бағытымен қатар, Запорожье, Днепропетровск, Сумы және Харьков өңірлеріне де ресейлік ұшқышсыз аппараттар ұшырылғанын ескерткен.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары