Malim.kz
Әлем

«Один дома» фильмінің жұлдызы Кэтрин О’Хара өмірден өтті

Арман Қайыпхан
Фото: СЮЗАННА АЛЬ МАРИДИ

Америкалық-канадалық актриса Кэтрин О’Хара 71 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz. BBC-ге сілтеме жасап.

Кэтрин О’Хара көпшілікке «Үйде жалғыз қалғанда» (Home Alone) фильміндегі Кевиннің анасы Кейт рөлі арқылы кеңінен танылды. Сондай-ақ ол 2010-жылдардың ортасында «Шиттс Крик» (Schitt’s Creek) комедиялық сериалындағы басты рөлдердің бірі арқылы жаңа буын көрерменінің ықыласына ие болды. Сериалда ол бұрынғы танымал актрисаның рөлін сомдады.

О’Хара кәсіби мансабын 1970-жылдардың ортасында Канадада бастаған. Ол комедиялық телешоуларға қатысып қана қоймай, сценарий жазумен де айналысқан. 1982 жылы алғашқы «Эмми» сыйлығын иеленді.

Кино саласындағы алғашқы ірі жетістігі 1988 жылы Тим Бертонның «Битлджюс» фильмінен кейін келді. Алайда актрисаның мансабындағы ең танымал жобалардың бірі – Маколей Калкин түскен «Үйде жалғыз» рождестволық комедиясы болды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары