Malim.kz
Қоғам

"Ол да бір үйдің Мөлдірін жылатып кетті": Танымал журналист Динара Сәтжанды сынап тастады

Қайсар Қанат
SN.kz коллажы

Белгілі журналист әрі тележүргізуші Ертай Нүсіпжанов соңғы уақытта қоғамда кең талқыланып жатқан Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов тақырыбына қатысты өз көзқарасын білдірді, деп Malim.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналист бұл пікірін әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазып, қоғамдағы қос стандарт пен әйелдердің әрекетіне назар аударуға шақырды.

"Тұрсынбекті төпелей бермей таяқтың екінші ұшына қараңыздар. Екеуінің айрандай ұйып отырған отбасына аяқ сұққан кім? Әйел! Егер ол «көзін сүзбесе», Тұрсынбек «жібін үзбес» пе еді? Бір тележүргізуші кәсіпкермен отасқанда оларға бақыт тілеп, жаппай құттықтап құтыртқан кімдер еді? Әйелдер! Сол кезде ол да бір үйдің «Мөлдірін» жылатпап па еді? Ол кімге үлгі? Жалпы отбасы, бала-шағасы бар еркекке көз сүзгенді әйел деуге болмайды. Талайды қан жылатқан — жылан. Әй, әйелдер-ай, әйелдер», – деп жазды журналист.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары