Бүгін Астана әуежайына Париж Олимпиадасының қатысушысы, боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы оралды, деп хабарлайды Malim.kz.
Спортшыны жақындары мен достары және Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының мүшелері күтіп алды. Әуежайға Malim.kz тілшісі де барып, спортшыдан Олимпиададан алған әсерін сұрады.
«Аллаға шүкір, көңіл күй жақсы. Өз-өзімізге келдік. Енді дайындықты жалғастырамыз. Үшінші жекпе-жектегі грузиялық боксшы мықты болды. Тәжірибесі басым», - дейді спортшы.
Мұхамедсабыр Базарбайұлы биылғы жылы қарулы күштер қатарына қабылданып, ант берген болатын. Спортшы қазіргі кезде Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қатарында. Сондықтан, әскери-спортшылар боксшыны әуежайдан күтіп алуға келді.