Malim.kz
Қоғам

Олжас Бектенов: министрліктер мен әкімдіктер халық шағымына дереу жауап берсін!

Айбын Атабай
Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында дәрі бағасына байланысты шағымдарға уақтылы жауап беруге жауапты органдарды атады, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықтың тарапынан келіп түсетін сұрақтар мен шағымдарға дереу жауап беру қажет. 
Денсаулық сақтау министрлігіне Мәдениет және ақпарат министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы халықпен тұрақты негізде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, — деді ол.

Олжас Бектенов бұл мақсатқа БАҚ пен цифрлық платформаларды, әлеуметтік желіні, өңірлік іс-шараларды барынша пайдалану керектігін атап өтті. 

— Біздің міндетіміз — денсаулық сақтау саласын барынша ашық, әділетті және ең бастысы, барлық азаматтар үшін қолжетімді ету, — деді Премьер-министр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары