Malim.kz
Қоғам

Олжас Бектенов жеке компанияларды мұқтаж адамдарды қолдауға шақырды

Айбын Атабай
Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында квазимемлекеттік сектормен қатар жеке компанияларды да көмекке мұқтаж адамдарды инклюзивті жобалармен қолдауға шақырды.

Отырыста «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов акционерлік қоғамның әлеуметтік бағыттағы жобалары туралы мәлімет берген. Үкімет басшысы «Самұрықты» осы бастамаларына өзге де компаниялар үн қосу керектігін айтты. 

- Қор тарапынан ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Басқа да квазимемлекеттік, сонымен қатар, жеке компанияларды осы бағытта белсенді жұмыс істеуге, қолдауға, мұқтаж адамдарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетуге, тиісті қажетті жағдай жасауға шақырамын. Шақырамын, - деді ол.

Бұған дейін ол Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек» қағидатымен жұмыс істейтінін айтқан болатын. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары