Malim.kz
Құқық

Онлайн-банкинг арқылы 80 млн теңгедей қаржы жымқырған

Malim Админ

Атырау облысының 31 жастағы тұрғынының алаяқтық жолмен 30 қылмыс жасағаны анықталды. Жергілікті полиция күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады.


Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, күдікті әйел ұсталған.

Атырау облысының 31 жастағы тұрғыны онлайн-банкинг арқылы тұрғындарға несие қаражатын қолма-қол алып беретінін айтып, алаяқтық қылмыс жасаған. Күдікті осындай жолмен 30 қылмыс жасап, тұрғындарға 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген. Қазір күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін салымшылардың ұрланған ақшасы Freedom Finance топ-менеджерлеріне аударылғанын хабарлаған болатынбыз. 

Фото: Santiago Cornejo

Malim Админ
Автордың басқа материалдары