Malim.kz
Әлем

Оңтүстік Корея президенті баспанасыз қалды

Айбын Атабай
Фото: AP Photo/Ahn Young-joon

Оңтүстік Корея Президенті Ли Чжэ Мен жалғыз пәтерін сатып, ресми түрде баспанасыз қалғанын мәлімдеді. Бұл қадам арқылы ол елдегі тұрғын үй нарығын тұрақтандыру саясатына қолдау білдіруді көздеген, деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасаған Malim.kz.

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен жалғыз пәтерін сатып, ресми түрде баспанасыз қалғанын айтты. Yonhap агенттігінің мәліметінше, Президент Сеул маңындағы Соннам қаласында орналасқан жалғыз пәтерін биылғы ақпанда сатылымға қойған. Мұндай қадамға ол елдегі жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруға бағытталған саясатқа халықтың сенімін арттыру мақсатында барған.

Қазір Оңтүстік Корея билігі өздері тұрмайтын баспананы иеленіп отырған азаматтарды оны инвестиция немесе алыпсатарлық мақсатта ұстап отырмай, сатуға ынталандыратын саясат жүргізіп жатыр.

Үкімет осылайша тұрғын үй қорын көбейтіп, бос тұрған пәтерлер мәселесін шешуді көздейді. Билік мұндай баспаналардың сатылмай, сақталуы елдегі жылжымайтын мүлік бағасының қалыптасуына кері әсер ететінін айтады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары