Malim.kz
Қоғам

"Оқуға түсіремін": Адамдарға курс сатқан алаяқ шетелде ұсталды

Арман Қайыпхан

Албания астанасы Тиранада Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

2023 жылы ер адам Алматы қаласында жеке мектеп ашып, жоғары оқу орындарына түсу үшін ақылы дайындық курстарын ұсыну арқылы 10 азаматты алдады. Жалпы шығын 10,5 миллион теңге болды. 

ІІМ алаяқтар оқыту курстарын жарнамалауда төмен баға, эксклюзивті оқыту әдістері мен үздік оқытушылар құрамын ұсынатынын еске салады.

Алаяқтық курстардың негізгі белгілері:

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Фото: Polisia.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары