Malim.kz
Құқық

Оқушыны ұрған мұғалімге қылмыстық іс қозғалды

Айбын Атабай
Gov.kz

Астанадағы мектептердің бірінде мұғалім оқушыға физикалық күш қолданған. Кейін ол қызметінен босатылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қаланың білім басқармасы оқиға қызметтік тексеру кезінде анықталғанын алға тартты.

Мұғалім Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы, 14-тармақшасына сәйкес – тәрбиелік қызмет атқаратын қызметкердің моральдық ережелерге сәйкес келмейтін әрекеті үшін қызметінен босатылды.

"Қосымша тәртіптік шаралар да қабылданды. Мектеп директоры мен оның орынбасарлары жеке жауапкершілікке тартылып, ресми ескертулер берілді", – делінген хабарламада. 

Ал полиция мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғады. 
 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары