«AMANAT» саяси ұйымының партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ұсынылған кандидат Снежанна Имашева, БҚО мәслихатына ұсынылған кандидаттар Бауыржан Атауов пен Гүлмира Батпақұлова «Alem Plaza» сауда орталығында болып, сайлауалды үгіт-насихат жүргізді.
Үміткерлер бұл жолы жиын өткізбей, әрбір бутикті аралап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жергілікті тұрғын Әсем Исмағұлова қалада балабақшалардың аздық етіп жатқанын айтты.
- Зачаганск кентінде тұрамын. Ол жақта балабақшалар аз. Бөбекжайлардан кезекті алдымен мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер алады. Ал біз сияқты әлеуметтік мәртебесі жоқ адамдар кезекті сарыла күтуге мәжбүрміз. Балам үш жаста. Бөбекжайдан орын бұйырмаған соң, шағын орталыққа апарып жүрмін, - дейді ол.
Партияның сайлауалды бесжылдық бағдарламасында 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен 100 пайызға, ал 1-6 жас аралығын 84,3 пайызға қамту жоспарланған.
- Партия білім беру саласын назардан тыс қалдырған емес. Мектеп те, балабақша да кезең-кезеңімен салынып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз және қарқынын күшейтеміз, - деді Снежанна Имашева.
- Партия алдағы мақсат-міндеттерін айқындады. Енді оларды халықпен бірге жүзеге асырғымыз келеді. Тұрғындар саяси науқанда белсенділік танытуы қажет. «Менің дауысым маңызды емес» деген ұғым болмағаны абзал. Елдің келешегіне әрбір адам үлес қоса алады. Сіздерді сайлауда «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырамын, - деді кандидат Гүлмира Батпақұлова.
Кандидаттар тұрғындарды толғандырған өзге де қоғамдық және жеке мәселелерге қатысты ақпараттық кеңес берді.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.