Malim.kz
Қоғам

Орал қаласындағы Жайық суы 10 сантиметрге көтерілген

• Malim Админ

Салдарынан өзен суының деңгейі 858 сантиметрге жетіп, қауіпті шектен асқан. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Жайық суы Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында 7, Бәйтерек ауданы, Январцев маңында 2 сантиметрге көтерілген. Ал Көшім каналы 1 сантиметрге, Чувашин ауылындағы Шаған өзенінің деңгейі 9 сантиметрге жоғарылаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері түні бойы жұмыс істеп, бөгеттер тұрғызған. Ал 21-сәуірде су астында қалған Орал маңындағы саяжай тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.

Фото: ҚР ТЖМ

Malim Админ
Автордың басқа материалдары