Malim.kz
Қоғам

Оралда әйел адам бұрынғы сүйіктісін интим суреттерімен бопсалаған

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Орал қаласында 31 жастағы әйел бұрынғы жігітінің интимдік суреттерін жариялаймын деп қорқытып, ақша талап етті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Malim.kz.

Желіде тараған мәліметке сүйенсек, күдікті экс сүйіктісінен фотоларды жарияламау үшін 500 мың теңге сұраған.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әйелді ұстады.

Тергеу кезінде қолма-қол ақша мен заңсыз әрекетке қатысты айғақ болуы мүмкін ұялы телефон тәркіленген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары