Орал қаласында ТЖМ қызметкерлері биіктіктен құлаған азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға Абай даңғылында орналасқан орталық мешітте болған. Күмбезде жүргізілген жұмыстар кезінде ер адам шамамен 5 метр биіктіктен ғимараттың бірінші қабатының шатырына құлап түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар автосатының көмегімен зардап шеккен азаматты қауіпсіз түрде төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
ТЖМ төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажет екенін еске салды.