Malim.kz
Қоғам

Оралда полицейге қатысты зорлық фактісі бойынша тергеу басталды

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Абай полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері шуға байланысты түскен шағымнан кейін пәтерлердің біріне барған, деп хабарлайды Malim.kz.

Тексеру барысында ол бойжеткенге сексуалдық сипаттағы зорлық көрсетті деген күдікке ілінді.

Бұл мәліметті Орал қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі растады. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті 10 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ол ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары