Malim.kz
Қоғам

Оралдағы дүкенде ойыншық "Шахед" дроны сатылып жатыр

Ереке Базарқұл
ФОТО: ©Лұқпан Ахмедьяровтың парақшасынан алынды

Бұл туралы malim.kz тілшісі оралдық журналист Лұқпан Ахмедьяровтың Facebook желісіндегі расталмаған парағына сілтеп хабарлайды.

Журналистің жазуынша, жергілікті "Чунга-Чанга" дүкенінде ойыншық "Шахедтер" бар. Дүкенді Instagram желісінен табу оңай дейді журналист.
Лұқпан дүкен басшысы Дархан Сариевке хабарласқан екен. Ол "қарап шығуға" уәде беріп, содан хабарласпай кеткен.

"Shahed" - Иран өндіретін дрон. Украинаға басқыншылық соғысы кезінде Ресейдің басты дрондары болып отыр. Қазір Ресей осы дронның "Герань-2" деген өз нұсқасын өндіреді.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары