Malim.kz
Қоғам

Ораза айт қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Айбын Атабай
pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Malim.kz. 

Кестені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі бекітті.

Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлап, 2026 жылғы діни күндер күнтізбесін жариялады.

Кестеде Ораза 19 ақпанда басталады. Қадір түні 16-сынан 17 наурызға қараған түнді көрсетіп тұр.  Ал Ораза айт 20 наурызға, Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келеді.

"Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", – делінген хабарламада.  

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары