Malim.kz
Әлем

Орбан: Венгрия Ресейге экономикалық делегация жібереді

Арман Қайыпхан
Фото: Jonathan Ernst/REUTERS

Желтоқсан айының басында Венгрия Ресейге экономикалық мәселелерді талқылау мақсатында ірі делегация аттандырады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы премьер-министр Виктор Орбан Кечкемет қаласындағы митинг барысында хабарлады.

Орбанның айтуынша, қазіргі кезеңде «соғыстан кейінгі және санкциялардан кейінгі жағдайға» дайындық жүргізу маңызды. Ол АҚШ-пен және Ресеймен келіссөздер жүріп жатқанын атап өтті, бірақ олардың толық мәліметтері жария етілмейтінін жеткізді. Премьер-министр ықтимал өзгерістерге алдын ала қадам жасау қажеттігін айтты.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары