Malim.kz
Әлем

Ормуз бұғазы ашылды: алғашқы жеті кеме өткені хабарланды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

АҚШ пен Иран арасындағы меморандумнан кейін Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта жанданды, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ пен Иран арасында меморандумға қол қойылғаннан кейін Ормуз бұғазы арқылы алғашқы жеті кеме өтті. Бұл туралы теңіз қозғалысын бақылайтын Marine Traffic сервисінің деректеріне сілтеме жасаған CNN мәлімдеді.

Телеарнаның мәліметінше, бейсенбі күнгі жағдай бойынша стратегиялық маңызы жоғары теңіз дәлізі арқылы жеті кеме өткен. Олардың бір бөлігі Парсы шығанағынан Оман шығанағына қарай бағыт алса, енді бірқатары бұғазға кері бағытта кірген.

Өткен кемелердің қатарында жүк және танкерлік кемелер болды. Атап айтқанда, сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын француз танкері мен Кук аралдарының туы астында жүзетін битум тасымалдаушы танкер бұғаздан өтті.

Сондай-ақ Панама туы астындағы Starway мұнай танкері де бұғаз акваториясына кірген.

CNN дерегіне сәйкес, 46 мың тоннадан астам мұнай тасымалдауға қауқарлы Starway кемесі кейіннен транспондерін өшіріп тастаған. Соның салдарынан оның әрі қарайғы бағытын нақты уақыт режимінде бақылау мүмкін болмай қалған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары