Malim.kz
Қоғам

Орны толмас қаза: Актер Рүстем Жаныаманов тұңғыш ұлынан айырылып қалды (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден. Суретте: Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Жаныаманова

Актер Рүстем Жаныаманов пен оның жары, актриса Жанаргүл Жаныаманованың отбасында қайғылы жағдай болды. Ерлі-зайыптының тұңғыш ұлы Нұрмұхаммет өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізіп, марқұмның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл суық хабар өнерсүйер қауымды да бейжай қалдырмады. Желі қолданушылары актерлер отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айту сөздерін жазып жатыр.

"Біздің Рүстем мен Жанаргүл тұңғыш ұлы Нұрмұхаметтен айырылып қалды. Бала – бауыр еттен, мұндайда жұбататын сөз табу да оңай емес. Бекем болыңдар, біз қастарыңдамыз", – деп жазды Гүлнұр Мамасарипова.

Айта кетейік, бұған дейін Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Жаныаманова тұңғыш ұлдарының денсаулығы үшін ұзақ жыл күрескенін ашық айтқан еді. Олар бірнеше сұхбатында Нұрмұхамметтің ауыр диагнозымен 5-6 жыл бойы арпалысып, оның сауығып кетуі үшін барлық күш-жігерін жұмсағанын бөліскен болатын.

Қазір көпшілік өнер иелерінің отбасына сабыр тілеп, марқұмның иманы саламат болсын деген тілектерін білдіруде.

Еске сала кетейік, Рүстем Жаныаманов пен актриса Жанаргүл Жаныаманова Жанар Байсемізге сұхбат беріп, ұлының сырқаты туралы айтып берген еді.

Рүстем Жаныаманов кім?

Рүстем Жаныаманов – қазақстандық театр және кино актері, көрерменге комедиялық әрі драмалық рөлдері арқылы танылған өнер иесі. Ол өнерге бала кезінен қызығып, сахна мен кино әлеміне ерте бет бұрған. Болашақ актер кәсіби шығармашылық жолын өнер саласындағы біліммен ұштастырып, актерлік шеберлігін қалыптастырды. Рүстем Жаныаманов театр сахнасында да, кино алаңында да өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған актерлердің бірі саналады. Оның шығармашылығында қарапайым қазақы мінезді, шынайы әрі өмірге жақын кейіпкерлер жиі кездеседі.

Актер көпшілікке әсіресе "Келінжан" жобасындағы Қылышбек рөлі арқылы кеңінен танылды. Бұл образ көрерменнің есінде ақкөңіл, қиялшыл, философияға жақын, ерекше мінезді кейіпкер ретінде қалды. Рүстем Жаныаманов аталған рөл арқылы өзінің комедиялық қабілетін ғана емес, кейіпкердің ішкі әлемін ашудағы шеберлігін де көрсетті. Ол сондай-ақ "Ағашки по вызову", "Копы 667", "Жизнь после", "Жаным, ты не поверишь!" секілді отандық жобаларға қатысып, кино саласындағы танымалдығын арттырды.

Актердің фильмографиясында комедия, драма және отбасылық бағыттағы туындылар бар. Рүстем Жаныаманов дубляж саласында да еңбек еткен өнер иесі ретінде аталады. Театрдағы тәжірибесі оның экрандағы ойынына әсер етіп, әр кейіпкеріне табиғилық пен сахналық жинақылық береді.

Ол сұхбаттарында актер мамандығының сырт көзге жеңіл көрінгенімен, үлкен жауапкершілік пен төзімді талап ететінін айтқан. Өнер иесі өз рөлдерінде жасандылықтан қашып, өмірден көрген адамдардың мінезін, болмысын кейіпкеріне сіңіруге тырысатынын жеткізген. Рүстем Жаныаманов отбасылық тақырыптағы жобаларда да жиі көрініп, қазақ қоғамына жақын бейнелерді сомдады.

Оның жұбайы Жанаргүл Жаныаманова да өнер саласында жүрген актриса ретінде танымал. Ерлі-зайыпты өнер мен отбасылық өмірді қатар алып жүрген шығармашылық жұптардың бірі ретінде көпшілікке белгілі. Рүстем Жаныамановтың шығармашылық жолы отандық кино индустриясының дамып, жаңа форматтағы сериалдар мен фильмдер көбейген кезеңімен тұспа-тұс келді. Бүгінде ол қазақ киносы мен театрында өзіндік орны бар, көрерменге жылы әрі шынайы образдарымен танылған актер ретінде бағаланады.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары