Malim.kz
Сұқбат

Өскеменде Аблакетка өзенде мұз кептеліп, 20 саяжайдың ауласын су басты

Malim Админ

Өскемен қаласында қардың қарқынды еруі және Аблакетка өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 20 саяжайдың ауласы су астында қалды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта саяжайда ешкім тұрмайды, үйлерге тұрғындар тек жазда келеді.

«Жергілікті атқарушы органдарының күшімен көпір астындағы өзен суын жіберу үшін мұзды жару жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде су деңгейі 15-20 см төмендеді», - делінген хабарламада.

Фото: видеодан скриншот

Malim Админ
Автордың басқа материалдары