Полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында Өскемен көшелерінің бірінде жүріп бара жатқан көліктің жолаушысы терезеден аяғын шығарып отырған видео анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.
Тексеру нәтижесінде жүргізуші мен жолаушының жеке басы анықталып, екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жүргізуші жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылса, жолаушы көлік қозғалысы кезінде салоннан тыс әрекет жасағаны үшін жазаланды.
Құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция мұндай әрекеттер жол қозғалысына қауіп төндіретінін еске салды.