Malim.kz
Оқиға

Өскеменде мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: Қорғаныс министрлігі

Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 қаңтарда Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атқан. Алған жарақаттарынан ол қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Марқұм былтыр сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған.

Аталған дерек бойынша Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімшесі қылмыстық іс қозғады.

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков бастаған комиссия жұмыс істеп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда әскери қызметші көз жұмған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары