Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда әскери қызметші көз жұмды

Оқиға
Ақтауда әскери қызметші көз жұмды
Фото: әлеуметтік желі

Ақтау гарнизонында әскери қызметші ажал құшты. Бұл туралы Құрлық әскерінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

14 қаңтарда бөлімше Ақтау гарнизонының Оймашы әскери полигонынан қайтып келе жатқан кезде жол апаты болған.

«Қараңғы түскен уақытта көктайғақ салдарынан КамАЗ көлігі келісімшарт бойынша қызмет атқаратын кіші сержант Г. есімді әскери қызметшіні қағып кетті. Жарақат салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Қарулы Күштер қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына заңнамаға сәйкес көмек көрсетіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу