Өскемен қаласында Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
"Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі – Отанға адал қызмет етудің символы ретінде еліміздің тарихына алтын әріптермен жазылды. Ол соғыс жолдарын абыроймен жүріп қана қоймай, бейбіт кезеңде де өз өмірін Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін қалыптастыруға арнады", – деді Нұрымбет Сақтағанов.
"Сағадат Нұрмағамбетовтың ерлігі мен өмір жолы – офицерлер мен сарбаздар буынына үлгі. Мұнда жас сарбаздар, Отан қорғаушылар қатысып отыр. Сіздердің қызметтеріңіз, тәртіптеріңіз бен Отанды қорғауға дайындығыңыз – Сағадат Нұрмағамбетов өмір бойы адал қызмет еткен істің жалғасы. Біз, қазақстандықтар, күнделікті еңбегіміз арқылы Отанға деген сүйіспеншілігімізді дәлелдеп, бейбітшілік пен жасампаздық жолында өз ерлігімізді жасауымыз керек!" – деп атап өтті өңір басшысы.
Фото: ШҚО әкімдігі