Malim.kz
Қоғам

Өскеменде сарапшылар сайлау және өңірлік даму мәселелерін талқылады

Арман Қайыпхан
Фото: ШҚО әкімдігі

Облыс орталығында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңының кезекті отырысы өтті. Басқосу «Сайлау-2026: Жаңа саяси құрылымдағы өңірлік даму» тақырыбына арналды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жиынды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Оған Астана, Өскемен, Семей және Павлодар қалаларынан келген сарапшылар қатысты. Дөңгелек үстелде саясаттанушылар, заңгерлер, ғылыми қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар және Қоғамдық кеңес өкілдері бас қосты.

Қатысушылар жаңа саяси құрылымның өңірлік дамуға ықпалын талқылады. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мәселесіне тоқталды. Азаматтық қоғамның рөлі мен қоғамдық диалогты дамыту жолдарына назар аударды.

Бүгінгі сараптамалық алаңға тек Өскеменнен ғана емес, Астана, Семей мен Павлодардан да сарапшылар қатысып отыр. Бұл алаңда жаңа саяси құрылымның өңірлік дамуға ықпалы мен сайлау үдерісінің маңызды мәселелерін талқылаймыз, деді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов.

Сарапшылар өңірлік саясатты жетілдіруге қатысты ұсыныстарын айттып, алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауына байланысты пікір алмасты.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары