АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла жетекшісі Николас Мадуроға отбасымен бірге елден кетуі үшін бір ай уақыт берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Трамп қараша айында Мадуромен телефон арқылы сөйлесіп, 28 қарашаға дейін оның Венесуэладан қауіпсіз түрде шығуына мүмкіндік бар екенін жеткізген. Алайда Мадуро бұл ұсынысты берілген мерзімде орындамаған. Осыдан кейін АҚШ билігі Венесуэла үстіндегі әуе кеңістігін жабуға шешім қабылдады.
Reuters агенттігі таратқан мәліметте Вашингтонның Каракасқа жолдаған талабы өте нақты әрі қатал болғаны айтылады.
"Мадуро, оның әйелі мен ұлы еш кедергісіз елден шығуы мүмкін, бірақ оған жету үшін президент бірден отставкаға кетуге келісім беруі тиіс", – делінген басылым материалында.
Сарапшылар мұны Трамп әкімшілігінің Венесуэла билігіне көрсетіп отырған саяси-экономикалық қысымының күшеюі деп бағалайды. Әуе кеңістігін жабу – АҚШ-тың біржақты шешімі және Мадуроны биліктен кетуге мәжбүрлеу стратегиясының маңызды бөлігі ретінде түсіндірілуде.