Malim.kz
Әлем

Өзбекстан алғашқы өзбек ғарышкерін ұшыруды жоспарлап отыр

Арман Қайыпхан
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан алғашқы өзбек ғарышкерін дайындап, өз жерсерігін ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz Yenisafak басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстанда екі бірдей ғарыштық жоба бойынша жұмыс басталды. Ел президенті Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, бұл бастамалар «Жаңа Өзбекстанның» дамуына қуатты серпін береді.

«Өзбеккосмос» агенттігі техникалық әрі қаржылық тұрғыдан өз ғарышкерін ұшыруға мүмкіндік бар екенін нақтылады. Алдын ала есеп бойынша, мұндай ұшудың құны 50–60 млн АҚШ долларын құрауы мүмкін және оны, мысалы, NASA арқылы жүзеге асыруы ықтимал. Ташкент әзірге миссияның нақты міндеттерін айқындап жатыр: агенттік өкілдері «ұшу тек селфи үшін болмауы тиіс» екенін атап өтті.

Қазір Өзбекстан жерсерік  ұшыру бойынша серіктес елді немесе компанияны таңдамаған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары