Malim.kz
Әлем

Өзбекстанда газ құятын станцияда жарылыс болып, алты адам қаза тапты

Айбын Атабай
Видеодан скрин

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 8 маусым күні Қашқадария облысы Қаршы ауданында тұрмыста пайдаланылатын баллондарға газ құятын станцияда жарылыс болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жарылыс пен одан кейін шыққан өрт салдарынан алты адам қаза тауып, тағы бесеуі түрлі дәрежедегі жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Өрт шамамен бір сағат ішінде толық сөндірілген.

Алдын ала дерек бойынша, төрт көлік пен екі жер астында отын сақтайтын резервуар зақымданған. Оқиғаның себептерін анықтау және зардаптарды жою үшін Өзбекстан үкіметі арнайы комиссия құрды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары