Malim.kz
Әлем

Өзбекстанда жанармай құю бекетінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты

• Malim Админ

Ферғана облысындағы бензин және газ сататын жанармай бекетінде жарылыс болған.

Өңірдің Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, өрт 17 желтоқсанда сағат 14:14-те басталып, 15:26-да толығымен сөндірілген.

Жарылыс салдарынан бір адам қаза тауып, 4 адам жарақат алып, тағы сегіз адам дәрігер көмегіне жүгінген.

ТЖБ-ның мәлімдеуінше, сұйытылған газды құю кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамау салдарынан оқыс жағдай орын алған.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары