Malim.kz
Қоғам

"Өзбекстанға өтіп кетті, жоспарланған нәрсе": Атырауда қаза тапқан ер адамның інісінің аудиосы тарады (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
Arasha.kz коллажы

Белгілі журналист Руслан Өтепбай Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты бұрын көпшілікке беймәлім деректерді айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистің сөзінше, Атырау облысында тұтас бір әулеттің жоғалып кетуі жұртшылықты алаңдатып отыр.

"Атырау облысында бүтін бір отбасы із-түзсіз жоғалып кетті. Ауылдастарының айтуынша, ең алғаш жоғалған – үйдің ұлы Наурыз. Ол шамамен бес-алты ай бұрын Ақтауға жұмыс іздеп кеткен. Алайда сол кеткеннен бері Наурыздан ешқандай хат-хабар жоқ. Ал қазан айында, көршілерінің сөзіне сенсек, отбасы басшысы Максот Қарабалин дәрігерге баратынын айтып, жұбайы мен қызын өзімен бірге алып кеткен. Бұл жағдай туыстарын қатты алаңдатқан. Себебі қызы Мирамгүл үшінші топтағы мүгедек екені белгілі. Осыдан кейін отбасының бірде-бір мүшесі ауылда қайта көрінбеген. Күмән тудыратын тағы бір жайт- үйдегі барлық мал WhatsApp арқылы, ұлдарының атынан сатылған. Ақша Kaspi шотына аударылғаны айтылады. Бірақ осы операциялардан кейін де отбасы мүшелері мүлде байланысқа шықпаған. Ал Мақсоттың туған ағасының баласы редакциямызға мынадай аудиожазба жолдады", – деді Руслан Өтепбай.

Сонымен қатар Руслан Өтепбайдың айтуынша, марқұм Мақсот Қарабалиннің туған ағасының баласы редакцияға аудиожазба жолдаған. Онда ол:

"Өзбекстанға қарай өтіп кеткен сияқты. Жалпы жоспарланған нәрсе", – деген екен.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары