Malim.kz
Қоғам

"Өзінен 5 жас кіші": Дзюдошы Әбиба Әбужақынованың жұбайы туралы ел естімеген дерек шықты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
Tengrisport.kz коллажы. Суретте: Әбиба Әбужақынова мен Ермахан Ануарбеков

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова ресми түрде сырғалым атанды. Бұған дейін спортшы сүйіктісінің ұсынысын қабыл алғанын хабарлаған еді, ал енді оған дәстүрлі сырға салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Әбиба қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісіп, жеке өміріндегі өзгерістерге қарамастан спорттық жолын жалғастыратынын айтты.

"Тұрмысқа шықсам да, 2028 жылғы Олимпиадаға қатысамын. Мен әлі де күресемін", – деп жазды ол.

Белгілі болғандай, спортшының болашақ жары – дзюдошы Ермахан Ануарбеков. Ол Абибадан бес жас кіші: спортшы 1997 жылы дүниеге келсе, оның таңдауы 2002 жылы туған.

Ермахан Ануарбеков – Абай облысының намысын қорғап жүрген жас спортшы. Ол Almaty Junior Asian Cup турнирінің жеңімпазы, Қазақстан чемпионы және дзюдодан спорт шебері атанған. Сонымен қатар Grand Slam мен Grand Prix секілді халықаралық жарыстарға қатысып, болашағынан үлкен үміт күттіріп жүрген дзюдошылардың бірі.

Желі қолданушылары жас жұпты құттықтап, оларға бақыт тілеп жатыр. Көпшілік "Олимп шыңын бірге бағындырыңдар" деген ізгі тілектерін жолдауда.

Бұл жаңалықты журналист Анна Данченко да бөлісіп, спортшыға сәттілік тіледі. Оның айтуынша, Әбиба спорттан кетпей, жаттығуын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абиба Әбужақынова алдағы уақытта да халықаралық ареналарда Қазақстан намысын қорғауды жоспарлап отыр.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары