Malim.kz
Әлем

Пәкістанда әскери қызметшілер мінген пойызға теракт жасалды

Арман Қайыпхан
Фото: Arshad Butt/AP Photo/picture alliancе

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері отырған пойызға жасалған теракт салдарынан кемінде 24 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Шетелдік агенттіктердің мәліметінше, оқиға 24 мамыр күні Кветта қаласындағы Чаман-Паттак теміржол өткелінде болған. Жарылғыш зат тиелген көлік пойызға соғылып, жарылыс жасаған.

Пойыз Кветтадан Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласына бағыт алған.

Қуатты жарылыс салдарынан пойыздың екі вагоны аударылып, өртеніп кеткен. Сондай-ақ маңайдағы ғимараттар мен жол бойында тұрған бірнеше көлік зақымданған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, шабуыл болған аймақта әдетте Пәкістанның қауіпсіздік күштері орналасады.

Белуджистан провинциясы үкіметінің өкілі Шахид Ринд Кветта қаласындағы ауруханаларда төтенше жағдай режимі жарияланғанын хабарлады. Жараланғандардың бірқатарының жағдайы ауыр екені айтылды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары