Malim.kz
Әлем

Пәкістанда жол апатынан 14 адам көз жұмды

Айбын Атабай

Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясының Джанг ауданында автобус пен фургон соғысып, салдарынан 14 жолаушы көз жұмды. Тағы 16 адам жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа. 

Оқыс жағдай туралы журналистерге округ комиссарының орынбасары Али Акбар айтып берді.

— Ветеринария және жануарлар ғылымдары университетінің спортшыларын Лахордағы жарысқа алып бара жатқан автобус Джанг ауданында фургонмен соқтығысты, — деді ол. 

Али Акбардың айтуынша, жол апатына екі көліктің де жылдамдықты шамадан тыс асыруы себеп болған.

— Тоғыз жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы бес адам алған жарақатының салдарынан ауруханада жан тапсырды, — деп қосты А. Акбар.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары