Malim.kz
Әлем

Пәкістандағы жарылыста Қазақстан елшісі де болған

Malim Админ

Оқиға 22- қыркүейекте орын алған. Кортежді бастап келе жатқан полиция көлігі минаға тап болып, үш полиция қызметкері жараланған. Біреуі қаза тапқан. Дипломаттардың арасында зардап шеккендер жоқ. Олар Исламабадқа оралған. 

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазақстандық елші Хайбер-Пахтунхва провинциясын бетке алған көлік колоннасында болған. Ол басқа басқа әріптестерімен бірге Исламабадтың Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туризм конференциясына қатысу үшін Сват қаласына бара жатқан.

Кортежде Ресей, Португалия, Эфиопия, Индонезия, Тәжікстан, Қазақстан, Иран және т.б. елшілерді қоса алғанда, 12 елдің дипломаты болған.

The Insider мәліметіне қарағанда, бомба кортеждегі дипломаттарға бағытталған. 

Фото: Dawnews

Әзірлеген - Айкөркем Сағат
 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары